Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

БЕКІТЕМІН
«Сәтбаев қаласының ішкі
саясат бөлімі» ММ басшысы
__________ Б.О.Жайлаубаев
«___» ________ 2017 ж.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-і қызметінде және мекеме қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Ішкі саясат
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ-і
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;
Нормативтік құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әртүрлі түсініспеушілік анықталған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзіретті органға дереу хабарлау;
Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;
Мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
Өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;
Қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді орындау; қызметтік міндеттерін дұрыс және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.
Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
Қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан лауазымды тұлғаларға қандай да бір жеке сипаттағы қызмет көрсетуді талап ету немесе өтініш айтуға жол бермеу;

3.2. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезіндегі ұсынымдар:
Мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін, қажетті шаралар қабылдау;
Бақылау және өзге де шараларды жүргізу барысында шешім шығаруды талап еткен жағдайда, сұрақтарды объективті, заңға сәйкес шешім қабылдау;
Жақын туысқандарына (ата-анасы, жұбайлары, аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары) бағынышта немесе бақылауында болатын лауазымдарға тағайындалудан бас тарту;
Орындауға қабылдаған өкімдердің заңдылығы күмән туғызатын жағдайда тікелей басшыға кідіртпей баяндау;
Жоғары заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын қолдау және қызметтестерден талап ету.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде:
Нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде ҚР 2016 жылғы 06-ы сәуіріндегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңына қатаң сүйіну;
Нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;
Әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді құзырлы мемлекеттік органдарға келісімге жолдау алдын қоғамдық талқылау жүргізу үшін ашық нормативтік - құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру;
Нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын туғызатын, құқық бұзушылық үшін баламалы санкциялары бар нормаларды қолданбау;

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:
Мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру.
Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
Басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;
Ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну;
Іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар
Егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;
Лауазымдық міндеттерді атқару барысында жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау; (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);
Кәсіпкерлікпен айналысуға, өзге де мемлекеттік функцияларды атқарумен сиымсыз қызметпен айналысуға;


Новости inform.kz
Қазақстандық үш боксшы Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық үш боксшы Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


18 Ақпан 2019
Шымкентте он үш жасар бала жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді құтқарып қалды

 ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкентте он үш жасар жасөспірім жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді құтқарып қалды. 6 және 7 жастағы бала өртке оранға үйде қалып кеткен болатын,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


18 Ақпан 2019


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп