Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Жаңалықтар

2018 жылғы 20-21 қарашада Қарағанды қаласында облыс колледждері директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен жастардың ресурстық орталықтарының директорлары үшін «Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу - діни экстремизмнің алдын алу» оқыту семинары өткізілді

2018 жылғы 20-21 қарашада Қарағанды қаласында облыс колледждері директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен жастардың ресурстық орталықтарының директорлары үшін «Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу - діни экстремизмнің алдын алу» оқыту семинары өткізілді. 
ҚР Журналистер Одағының мүшесі, облыстық АТТ мүшесі, Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» шағын бағдарламасының бас менеджері Б.М.Мұсабеков семинардың модераторы болды.
Семинардың мақсаты - жалпы адами және ұлттық құндылықтарға негізделген жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы бұл құндылықты «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде сақтау», - деп айқындады. «Жас қазақстандықтар үшін Ұлт Көшбасшысының еңбек және өмір жолдары - өз елінің патриотының жарқын үлгісі. Біз патриотизм дегеннің өзіміздің, отбасымыздың және Отанымыздың алдындағы үлкен жауапкершілік екенін жастар арасында қалыптастыруға тиістіміз. Жастарды азаматтық және патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Жеңіс күніне, Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кураторлық сағаттар, тақырыптық кештер, «дөңгелек үстелдер» өткізу керек».
Семинарға қатысқандардың барлығына «Бақытты болғыңыз келсе», «Мақсатқа жету технологиясы», «Көшбасшы болуға үйренейік», «Шешендік өнер әліпбиі» бойынша әдістемелік ұсынымдар таратылды. Семинар қорытындысында «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ-нің мемлекеттік-конфессиялық саясат, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинарына қатысқаны туралы сертификаттары берілді

123123
123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад


Новости inform.kz
Қазақстандық үш боксшы Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық үш боксшы Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


18 Ақпан 2019
Шымкентте он үш жасар бала жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді құтқарып қалды

 ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкентте он үш жасар жасөспірім жанып жатқан үйден екі бүлдіршінді құтқарып қалды. 6 және 7 жастағы бала өртке оранға үйде қалып кеткен болатын,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


18 Ақпан 2019


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп