Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Жаңалықтар

«Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының Қазақстан тарихы туралы мақаласына «Сәтбаев қаласының мәдени – сауық орталығы» КМҚК оқыту-әдістемелік кабинетінің латын графикасына көшу бойынша әдіскері Омар Жайнаш Сейтжанқызының пікірі

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала «Егемен Қазақстанның» бүгінгі санында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы шықты. Жазба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Осындай игі бастамаға барша қазақ елі жұмылдыра қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Елбасымыздың мақаласының атауының өзіндік ерекшелігі бар.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады екен. Киелі санмен берілген бұл мақаланың басты мақсаты жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Ата – бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуімізге зор мүмкіндік бар. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу.
Қорыта айтқанда, даңқты тұлғалардың есімін ұлықтап, атқарған істерін насихаттап, қалдырған мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру әр буынның, әрқайсымыздың ортақ азаматтық міндетіміз бен парызымыз.
Өйткені өсемін, өркендеймін деген әрбір ел «өткенін еске алып, бүгінмен өмір сүріп, болашақты ойлап отыруы керек»


Вернуться назад


Новости inform.kz
Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға күрделі ота жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға сәтті ота жасалды. Күрделі отаны қазақстандық және израильдік дәрігерлер бірлесіп жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


15 Желтоқсан 2018
Семейде жоғалып кеткен 2 баланың анасы Украинадан табылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында іс-түссіз жоғалып кеткен Елена Свиридова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews агенттігіне сілтеме жасап.


15 Желтоқсан 2018
Павлодарда 216 отбасы баспаналы болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында 216 отбасы қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  


15 Желтоқсан 2018


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп