Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Сәтбаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Жалындап жастар жанамыз! Патриот біз де боламыз!» атты жастар форумы өтті.
Қазақ елінің тәуелсіздігінің тағдырын, барлық ауыртпаршылығы мен ұлы жауапкершілігін мойнына алған Ел тұтқасы – Нұрсұлтан Әбішұлы халқым деп қызмет етіп, аз ғана уақыт ішінде Қазақстан мемлекетінің абыройын әлем алдына асқақтатты.
Елбасының дәстүрлі жолдауында жастарға қатысты жобалар мен бастамалар ескеріліп, жыл сайын ерекше көңіл бөлінеді. Таяуда жолданған Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа жолдауында тағы да жастар саясаты қозғалды. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Бұл жастар үшін – үлкен мәртебе!
Сәтбаев қаласының әкімінің орынбасары Төлендина Айгүл Қосманқызы талабы мен таланты биік, арманы айқын, мақсаты анық жастарды құттықтап, марапаттады. Сонымен қоса Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жастар арасында «Елбасына арналған құттықтау хат» байқауы бойынша Үздік құттықтау хаттардың иелері де марапатталды.
Биыл Қала әкімінің қолдауымен 16 мен 29 жас аралығындағы жастардың кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында ең үздік бизнес жобаны ұсынып, қала әкімінің грант иегері атанған жас кәсіпкер Куликов Владислав Александрович өзінің жылы лебізі мен қуанышын білдірді.
Жастар форумы керемет концерттік кешпен жалғасын тапты.
Вернуться назад
Новости inform.kz
|