Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Мемлекеттік мекеменің ережесі

«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

2.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

     8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.

     9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

     12. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

     Егер «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    

 

2.     Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық - саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;

Сәтбаев қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуды жүзеге асыру;

ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

     14. Міндеттері:

     Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмде тәрбиелеу;  

     Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау, қаланың даму бағдарламаларына бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдау көрсетуін ұйымдастыру;

     елдің даму Стратегиясын іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының қатысу шеңберін кеңейту;

     бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

     қаланың сыртқы безендіруін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

     ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, ішкі саясат, этносаралық және конфессияаралық салалардағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

     ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен оған тәрбиелеу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қалалық қоғамдық- саяси іс - шараларды өткізу;

     қаладағы қоғамдық - саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын  жан - жақты, объективті зерттеу, жинақтау және саралау;

     конституциялық принциптерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша саяси партиялар, қозғалыстар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу;

     мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қолданылуына мониторинг жүргізу;

     ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

     жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық - насихаттау жұмысын үйлестіру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізу;

     мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;

     бірыңғай мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, кәсіби одақтармен өзара байланыс жасау.

16. Құқықтары мен міндеттері:

     мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

     ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;

     тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс - шараларға қатысуға;

     ішкі саясат саласының, адам құқықтарын сақтау және мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек  көрсетуге;

     қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;

     бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;

     мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың ұйымдастырушысы және бағдарламалардың әкімшісі ретінде шығуға;

     коммуналдық заңды тұлғаларды басқару органының қызметін жүзеге асыруға;

     коммуналдық мекеме қызметінің негізі мен мақсатын белгілеуге;

     коммуналды заңды тұлғалардың мүлкінің пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауға;

     Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

     17. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

     18. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

     19. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

     заңнамада белгіленген тәртіпте сәйкес «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

     заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйым басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуды келіседі;

     заңмен белгіленген тәртіпте «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;

бұйрықтар шығарады;

     барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

     мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;

     азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

     қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

4.     Мемлекеттік органның мүлкi

 

     20. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай -ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

     21. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.  

     22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5.     Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

     23. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 


Новости inform.kz
Ақтөбеде шалғай ауыл тұрғындары үшін электронды қызмет қолжетімді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мобильдік ХҚО облыстың барлық ауданын қамтып, ауыл тұрғындарына 19 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 Қазан 2019
ТМД көлемінде темір жол арқылы жүк тасымалы 14,3% өскен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 15-16 қазанында Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Минскіде өткен Достастыққа мүше-мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі 71-ші отырысының жұмысына қатысты.
16 Қазан 2019
Алматы облысында шет ел азаматын өлтірген қылмыстық топ ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 Қазан 2019
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16 Қазан 2019
Еліміздің батысында әскери қызметшілердің дайындығы тексерілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының барлық әскери бөлімдері жауынгерлік даярлық деңгейін бағалау жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілте жасап хабарлайды.
16 Қазан 2019
Алматыда үй өртеніп, бір адам мерт болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алатау ауданында жекеменшік үй өртеніп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.
16 Қазан 2019
Өзбекстандағы Қазақстан жылы: Ташкентте Роза Рымбаеваның концерті өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Ташкентте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның жеке концерті өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақконцертке» сілтеме жасап хабарлайды.
16 Қазан 2019
Футбол: Қазақстан жастары Солтүстік Македониямен тең түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 Қазан 2019
Ақтөбенің орталық кітапханасы түнде жұмыс істеді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы түнде оқырмандарын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Теннис: Бублик «Кремль кубогының» алғашқы айналымынан аса алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Мәскеудегі «Кремль кубогы» ATP турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Жаңаөзендегі тұрмысы нашар отбасылар Ақтауға көшіріледі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен тұрғындарға Ақтаудан пәтер сатып алу жоспарланған,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшшісі.
15 Қазан 2019
Теннис: Путинцева Мәскеуде «Кремль кубогында» ұтылып қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Мәскеудегі «Кремль кубогы» WTA турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
СҚО-да дарынды полицейлердің республикалық арт-фестивалі өтті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда дарынды полицейлердің басын қосқан «Әр жүректе – туған жер» атты патриоттық әндердің республикалық арт-фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Семсерлесуден Қазақстан кубогі: командалық сындағы жеңімпаздар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан кубогінде семсерден жекелей және командалық сындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
15 Қазан 2019
Жаңаөзенде бес жылда 3 мың жұмыс орны құрылады
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында 2025 жылға дейін 3 мың жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Қостанайда Челябі облысының күндері басталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Челябі облысының күндері аясында Қостанай қаласына жұмыс сапарымен Челябі облысының губернаторы Алексей Текслер бастаған делегеация келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Діннен ізгілікті, дәстүрді көрген дұрыс – ғалым
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды.
15 Қазан 2019
Теннис: Рыбакина Люксембург турнирінің екінші айналымына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Люксембург WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Маңғыстау облысында 158 шақырым жол қайта жаңартылуда⠀
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар 158 шақырым жол қайта жаңартылуда, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
15 Қазан 2019
16 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Сириядан оралған Шынар басынан өткендері туралы кітап жазбақшы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Жусан» операциясы бойынша Сириядан оралған отандастарымыздың қатарында Шымкенттік Шынар да бар. Бес жылдай берекесі қашқан бөтен елде өмір сүрген ол, бастан кешкендерін бүкпесіз баяндап берді.
15 Қазан 2019
Ақтөбеде баспасөз хатшысы судья болды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла облыстың сот корпусына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қазан 2019
Қ.Тоқаев: Экономиканы дамытуға жаңа ойлар, жаңа қадамдар қажет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
15 Қазан 2019
СҚО-да шұңқырдан мектеп оқушысының денесі табылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласында қазаншұңқырдан жоғары сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Жаңаөзенде 25 тозығы жеткен үй күрделі жөндеуден өтеді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі 25 тозығы жеткен үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Түркістан облысының спортшыларына сый-құрмет көрсетілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлерімен кездесті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
15 Қазан 2019
Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.
15 Қазан 2019
Ақтөбеде жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде медициналық мекемедегі қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Елбасы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
15 Қазан 2019
Пәтерлерге жеке жылу есептегіш құралдарын орнату әзірше тиімсіз – энергетиктер
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында салынып жатқан тұрғын үйлер жобалау кезеңінде-ақ жеке жылу есептегіш құралдарымен қамтылады. Алайда іс жүзінде оның тұрғындар үшін пайдасы шамалы. Солтүстікқазақстандық сарапшылар тұтынушыларға неліктен әзірше жылудан үнемдеудің мүмкін еместігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Қазақстан үндістандық ITEC бағдарламасын қолдайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко құрметті қонақ ретінде Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы – ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) күнін атап өту іс-шарасына қатысты.
15 Қазан 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
15 Қазан 2019
Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Еуропа Кеңесінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына (СЖКМТ) қосылу келісіміне қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
15 Қазан 2019
Оралда тартылған құс етін заңсыз тасымалдаған жүк көлігі ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында тартылған құс етін тиеген жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Бакудегі Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі келешегі-2040» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының 7-ші саммитінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің тарихына тоқталып, оны дамытуда екі бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еlbasy.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
15 Қазан 2019
Елімізде электронды ПИК жүйесі қалай іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев электронды ПИК жүйесі қалай іске қосылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
«Хабар» агенттігі өз өнімдерін халықаралық Канн көрмесінде ұсынуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» агенттігінің туындылары дүниежүзінің ең ірі MIPCOM аудиовизуалды нарығына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Нұрсұлтан Назарбаев ТМЫК мемлекет басшыларының VII саммитіне қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің басшыларының 7-ші саммитіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еlbasy.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
15 Қазан 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
15 Қазан 2019
Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 15,1 млн гектар алқап орылып, 19,1 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
15 Қазан 2019
Алматы тұрғынының салыққа қарызы 1,8 млн теңгеге жеткен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық берешегін өтеген азаматтардың көпшілігі - Алматы қаласының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Павлодарда 10 жасар қызды аңдыған күдікті қолға түсті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар полициясы әжетханада 10 жасар қыздың сыртынан сығалаған Өзбекстан азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
15 Қазан 2019
2022 жылы еліміздегі пәтер иелері кооперативтері өз жұмысын тоқтатады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚР Тұрғын үй мәселелесі бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Сенатының екінші оқылымына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Ақмола облысында 58 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 58 жылқыны ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қазан 2019
Павлодар полициясы порнографиялық таспада бейнеленген адамды тексерді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы полиция департаменті порнографиялық сипаттағы видеотаспада бейнеленген, ішінде тыртығы бар белгісіз адамды тексеру үшін жүргізілген қылмыстық тергеу аясында сот-медициналық сараптама өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
15 Қазан 2019
ҚР АШМ мекемесінің бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15 Қазан 2019
Алматыда Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы аталып өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Теннис: Кукушкин «Кремль кубогы» жарысын жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Мәскеуде «Кремль кубогы» ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019
Мұхтар Шаханов Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ зиялы қауым өкілімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Қазан 2019


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп