Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Бос орындар

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік

біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы                  9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген.

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-R-4

56376

76235

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., Қ.И.Сәтпаев даңғ., 108; анықтама үшін телефон: (871063) 3-79-86, факс: (871063) 3-44-62; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің  бас маманы (1 бірлік,         № 01-3 , Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Діни ұйымдардың жұмысымен байланысты және уақытылы ақпаратты жаңартумен байланысты жұмыстар кешенін орындау. Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы жолдаулары мен үндеулерін түсіндіру бойынша ақпарат-насихаттау тобының жұмыстарын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
    Білімі:  теология, дінтану, тарих мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Діни қызмет жјне діни бірлестіктер туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің  бас маманы (1 бірлік,         № 01-5 , Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстардың медиа-жоспарын іске асыру және үйлестіру. Аймақтық БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруды ұйымдастыру және бақылау жасау; БАҚ-ға дай-джесттерді қалыптастыру, пресс релиздерді дайындау. Қаланы идеологиялық безендіру, әлеуметтік жарнамаларды орналастыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.
Білімі: саясаттану, әлеуметтану, журналистика, филология мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Буқаралық ақпараттық құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру  соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-де әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz.


Новости inform.kz
Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядан 6 медаль жеңіп алды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербияда әйелдер боксынан «Белград кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


22 Сәуір 2019
Google-ге әр секунд сайын 63 мың іздеу сұранысы жасалады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «1998 жылға дейін адамдар ең ірі іздеу жүйесінсіз де өмір сүрді. Дегенмен, бүгінгі таңда жұмыста да, жалпы, өмірде де Google-сыз іс тындыра аламыз ба?», деп жазады The Guardian басылымы.


22 Сәуір 2019
22 сәуір. Туған күн иелері


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


22 Сәуір 2019
22 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 22 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.


22 Сәуір 2019
Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәуірдің 22-сі күні Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.


22 Сәуір 2019
Тоғызқұмалақ әлемдегі 150-ге жуық зияткерлік ойынның көшін бастап тұр - Айнұр Жақапбаева


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санаулы күндерден кейін Түркияның Анталия қаласында төл ойынымыз тоғызқұмалақтан V әлем чемпионатының алауы тұтанады.


22 Сәуір 2019
Шымкентте жас полиция қызметкерлерінің слеті өтті

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Полиция департаменті «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп Жас полиция қызметкерлерінің слетін өткізді.


22 Сәуір 2019
Еуропа халықтарының кедейлік индексі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның Статистика және экономикалық зерттеулер ұлттық институты (INSEE) Еуропадағы кедейлік туралы зерттеу нәтижелерін жариялады, деп жазады Le Monde басылымы.


22 Сәуір 2019
Қазақстандық балалар әйгілі футбол жұлдызы Мессимен кездесті

 
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балалар Әли мен Әмір әйгілі футбол жұлдызы Леонель Мессимен кездесті. Бұл туралы бүгін баланың анасы Ақмарал Әміреева өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.


22 Сәуір 2019
Дина Нұрпейісоваға елордада ескерткіш орнатылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  -  Ұлы күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісоваға елордада ескерткіш орнатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


22 Сәуір 2019
Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  -  Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та Ориндж-Парк ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


22 Сәуір 2019
Жасанды интеллект экономиканың дамуына қалай әсер етеді

НҰР-СҰЛТАН. Оксфорд университеті жаһандық даму профессорының айтуынша, жасанды интеллект миллиондаған жұмыс орнын жойып, дамушы мемлекеттер экономикасына кері әсер ететін болады, деп жазады ВВС басылымы.


22 Сәуір 2019


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп